«Нұр-Мүбарак» университетінде студенттерге кәсіби бағдар беретін кездесу өтті

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Кәсіби бағыт: шетел тілдері мамандарына арналған мүмкіндіктер күні» атты кездесу ұйымдастырылды. Ілкімді іс-шараға спикер ретінде ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері, туристік компаниялардың өкілдері, шет тілін оқытатын орталықтардың мамандары арнайы қатысты.

Бұл жиын шетел филологиясы және аударма ici мамандықтары бойынша бiлiм алып жатқан студенттерге болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға көмектесуге, оларды еңбек нарығындағы нақты мүмкiндiктермен таныстыруға және тiл меңгерудiң практикалык маңызын көрсетуге бағытталды.

Кездесуде шет тілдерін меңгерудің заманауи ғылым, халықаралық коммуникация, туризм және білім беру салаларындағы мән-маңызы ерекше атап өтілді. Студенттер өз ісінің білікті мамандарымен тілдесіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
25.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Түркістандағы сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры,

Read More