НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаңалықтар
НҰР МҮБАРАК  УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БОЛГАР ИСЛАМ АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

НҰР МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БОЛГАР ИСЛАМ АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

НҰР МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БОЛГАР ИСЛАМ АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ 22-24.09.2025 ж. Татарстан Республикасындағы Болгар Ислам академиясында "Жастарды патриоттық тәрбиелеудегі дінаралық диалогтың рөлі" атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 3 Секцияда Жаһандық сын-қатерлер жағдайында азаматтық бірегейлік пен дәстүрлі құндылықтарды сақтау: Дінтану кафедрасының оқытушысы, PhD А.Темірбаева, 2 курс магистранты С. Рамазан, 1 курс магистранты З. Баймаханова баяндама жасады. Конференцияға Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.Болгар Ислам

2025-2026  жж. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОО КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІГІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМ ШАРТТАРЫ

2025-2026 жж. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОО КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІГІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМ ШАРТТАРЫ

2025-2026 жж. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОО КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІГІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМ ШАРТТАРЫ 2025–2026 оқу жылындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшем-шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты білім сапасын арттыруға, оқу процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта 2025–2026 оқу жылынан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚР ҰҒА ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚР ҰҒА ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚР ҰҒА ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ 2025 жылғы 19 қыркүйекте Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Исламтану білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, оқытушылық және әкімшілік құрам өкілдері ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған "Орталық Азияның тұрақты даму мақсаттары өзгермелі әлемдік тәртіпте" атты форумға қатысты.Бұл форумға ғылым бөлімінің басшысы С.Н. Қағазбекова және Исламтану білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы

Нұр-Мүбарак университетіне МЫСЫР АРАБ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УАҚЫФТАР МИНИСТРІ, ПРОФЕССОР УССАМА ӘЛ-АЗХАРИ арнайы келді

Нұр-Мүбарак университетіне МЫСЫР АРАБ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УАҚЫФТАР МИНИСТРІ, ПРОФЕССОР УССАМА ӘЛ-АЗХАРИ арнайы келді

Нұр-Мүбарак университетіне МЫСЫР АРАБ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УАҚЫФТАР МИНИСТРІ, ПРОФЕССОР УССАМА ӘЛ-АЗХАРИ арнайы келді Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар министрі, профессор Усама әл-Азхари студенттермен арнайы кездесу өткізді.Шара аясында мәртебелі қонақ жастармен еркін әңгіме құрып, қазіргі заман жастарының тұлғалық қалыптасуы, рухани-имани құндылықтарды бойына сіңіруі және ғылым-білімге ұмтылысы жайлы терең ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, ол өзінің өмірлік тәжірибесі мен ғылыми жолындағы тағылымды тұстарын айтып, студенттерге

Проректор ЕРШАТ ОҢҒАР ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ

Проректор ЕРШАТ ОҢҒАР ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ

Проректор ЕРШАТ ОҢҒАР ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты пленарлық сессиясына қатысты. Бұл сессияда жаһандық өркениеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық мәселелері көтерілді.Аталған маңызды жиынға университетіміздің проректоры Ершат Оңғар және оқытушы-профессорлар – Исахан Мұхан, Алпысбаев Ерғали, Анарбаев Нұрлан, Затов Қайрат, Имаммәди Түсіпхан қатысты. Олар сессия барысында

Кафедралар

FAQ - Жиі қойылатын сұрақтар

Нұр-Мүбарак университеті туралы ақпарат

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Университеттің ең жоғарғы басқару органы: екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған Қамқорлар кеңесі. Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді.

Университет қаламыздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, асхана жұмыс істейді.

Нұр-Мүбарак университетінде қандай мамандықтар бар?

Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.

Бакалавриат бөлімінде:

  1. Исламтану(4 жылдық) — қазақ, ағылшын, орыс бөлімдері;
  2. Исламтану(3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  3. Дінтану (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  4. Дінтану (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  5. Дінтану (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  6. Теология (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  7. Теология (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  8. Теология (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  9. Аударма ісі (араб-ағылшын, ағылшын-араб) — 4 жылдық;
  10. Шетел филологиясы (араб-ағылшын, ағылшын-араб) — 4 жылдық

Магистратура бөлімінде:

  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.

Докторантура бөлімінде:

  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.
Университетке қабылдану үшін қанша балл жинау қажет?

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына қабылданудың шекті балы -50. Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының шекті балы -75. Бұл ретте ҰБТ және Шығармашылық емтиханның әрбірінен 5-тен жоғары балл жинау талап етіледі.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер университетке түсу үшін қашаннан бастап құжат тапсыра алады?

Биыл мектеп бітіруші талапкерлер үшін бектілген пәндер бойынша ҰБТ тапсыруы міндетті. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.

Мемлекеттік білім грантына қалай ие болуға болады?

Университетте барлық мамандықтар бойынша грант қарастырылған. Маусым айында тапсырылған ҰБТ мен шығармашылық емтиханда шекті балды жинағанталапкерлер 13-20 шілде аралығында Білім гранты конкурсына қатысуға өтініш береді. Емтихандардан жоғары балл жинаған талапкер конкурс нәтижесі бойынша грант иегері атанады.

Университетке түсу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

1) Өтініш;

2) Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

3) 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;

4) 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

5) 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;

6) Жеке куәлік көшірмесі қатарлы құжаттар талап етіледі.

Университетке қабылданған жағдайда жатақханадан орын беріледі ме?

Университетте 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі.

Фотогалерея