Ғылым және инновация

    Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылыми-зерттеу жұмысы жалпы мамандарды даярлау үрдісінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Университет ғылым саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылып, іргелі және қолданбалы, әлеуметтік және білім беру, рухани жаңғыру, тарихи ғылымдар аясындағы ғылыми-зерттеу нәтижелері Қазақстанның, сондай-ақ Орта Азиядағы Исламтану, дінтану, теология, тіл және қолжазба салаларының дамуына өзіндік үлес қосуына күш салуда.  Университет ғылым саласында жан-жақты және тиімді шешімдерді әзірлеу үшін әртүрлі пәндерді біріктіре отырып, пәнаралық зерттеулерді ынталандырады. Университеттің ғылым саласындағы бұл ұстанымы аймақтық және халықаралық деңгейдегі жетекші ғылыми зерттеу орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландырыуымен орындалып жатқан ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жобалар тізімі:

 

ЖТН Жоба атауы Жоба жетекшісі Жобаны іске асыру мерзімі Зертеу түрі
1 АР05134195 «Қазақ қоғамында діни сананы қалыптастыруда матуридилік сенім жүйесінің рөлі мен Ислам-іші плюралистік дискурс шығару перспективалары» Адилбаев Алау 2018-2020 жж. Іргелі
2 AP19680228 «Сандық кеңістіктегі ислам (қазіргі Қазақстан мысалында)» Керім Шамшәдин 2023-2025 жж. Іргелі
3 АР19679483 «Әл- Фараби трактаттарындағы педагогикалық мұраларын қазіргі білім жүйесіне кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» Палтөре Ықтияр 2023-2025 жж. Іргелі
4 AP19174944 «Деобандия мектебінің діни-саяси идеологиясының Орталық Азияға ықпалы» (Жас ғалым жобасы) Абдилхаким Бурханадин 2022-2025 жж. Жас ғалым / постдокторантура
5 BR24993035 «Қазақстандағы дәстүрлі ислам: ғылыми-тәжірибелік негіздері мен дамыту жолдары» Керім Шамшәдин 2024-2026 жж. Нысаналы

2. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде университетішілік қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жобалар тізімі: 

 
Жоба атауы Жоба жетекшісі Жобаны іске асыру мерзімі Зерттеу саласы
1 «Қазақ халқының діни танымындағы тәңіршілдік» Затов Қайрат 01.03.2022-31.12.2022 Дінтану, философия
2 «Деобанд мектебінің діни концепциясы және  саяси тәжірибесі» Мухитдинов Рашид 01.03.2022-31.12.2022 Исламтану, дінтану, саясаттану
3 «Араб онимдері мен діни терминдердің қазақ тілінде берілуін біріздендіру негіздері» Қыдырбаев Қалдыбай 01.03.2023- 31.12.2023 Тіл білімі, Филология
4 «Жасөспірімдерді өтпелі кезеңде дәстүрлі-рухани құндылықтарға тәрбиелеу» Адилбаева Шамшат 01.03.2023-31.12.2023 Дінтану, исламтану, теология, психология, педагогика
5 «Қазақ әдет-ғұрып заңдары мен шариғат үкімдерінің өзара үндесу тарихнамасы» Исахан Мухан 31.06.2023-31.06.2024 Дінтану, тарих, этнография
6 «Қазақстандағы мұсылман этностары арасындағы діни ахуалдың (1991-2024) даму динамикасы» Сатыбалдиева Ақмарал 01.03.2024-31.12.2024 Дінтану, исламтану, теология
7 «Діни мәтіндер мен доктриналардағы әсіре діншілдікке қарсы принциптер және шынайы діндарлықтың өлшемдері» Имаммәди Тусуфхан 01.03.2024-31.12.2024 Дінтану, исламтану, теология