Даналардың ізімен жарқын болашаққа

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛСІЛТЕУШІ АНЫҚТАМА

Біз сізді Қазақстан Республикасының іргелі де белді діни оқу орны, исламтанушылар, дінтанушылар және тіл  мамандарын дайындайтын Орта Азиядағы бірден-бір жоғары оқу орны Нұр-Мүбарак университетінің студенті атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің миссиясы – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, гуманитарлық және педагогикалық бағытта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, қоғамның ғылыми және діни-рухани әлеуетін көтеру

Осы орайда университет ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие дін және тіл мамандарын қалыптастыру, білім беру және ғылымды дамыту арқылы елімізде және Орта Азияда діни тұрақтылық пен діннің дұрыс бағытта дамуына үлес қосу және қоғамның дамуында сапалы жаңа нәтижеге қол жеткізу секілді ұлық мақсатты алдына қояды.

БАКАЛАВРИАТ

  • Исламтану:
    — Қазақ және орыс (4 жыл);
    — Қысқартылған оқу бағдарламасы (3 жыл).

Дінтану:
— Қазақ  (4 жыл);
— Қысқартылған оқу бағдарламасы (3 жыл);
 — Екінші жоғары білім (2 жыл).

  • Теология:
    — Күндізгі бөлім (4 жыл);
    — Қысқартылған оқу бағдарламасы (2 жыл);

  • Шетел
    филологиясы

Аударма ісі

МАГИСТРАТУРА

  • Исламтану

    • Ғылыми-педагогикалық бағыт

    Дінтану

    • Ғылыми-педагогикалық бағыт

ДОКТОРАНТУРА

  • Исламтану

    • Ғылыми-педагогикалық бағыт

    Дінтану

    • Ғылыми-педагогикалық бағыт

Курстан курсқа ауысу

 Студенттің білімін бақылау жүйесі мен оқудағы жетістіктерін бағалау (қорытынды бақылауды өткізу тәртібі, (ағымдық аттестация, қорытынды аттестация, GPA есептеу әдістемесі) аралық бақылау мерзімдерін қамтып, ағымдық аттестация (сынақ – емтихан сессиясы) және қорытынды мемлекеттік аттестациялаудан тұрады. Курстан курсқа көшіру үшін ЖОО-ның ғылыми кеңесі өту баллын белгілейді.

Ең төменгі өту балын ала алмаған студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылады. Оқу курсына қайта қалдырылған студент бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе  жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

Академиялық қарыз деп студент қорытынды бақылауға жіберілмеу, емтиханда «қанағаттанарлықсыз» баға алу және емтиханға келмеу нәтижесінде жиналған қарыздар болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ...

Университетпен байланыс

 

 

info@nmu.edu.kz

 

Нұр-Мүбарак университеті

 

8 (727) 302-09-34

 

instagram.com/nmu_kz

 

www.nmu.edu.kz

 

t.me/nmu_kz

 

Алматы қ. Әл-Фараби, 73

 

https://vk.com/nurmubarakuniversity