Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы еліміздің ғылым саласындағы іргелі жетістіктерімен қуанта отырып, жаңа белестерге қадам жасауда. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бұйрығына сәйкес, университетіміздің бірқатар оқытушыларына қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтары берілді.
Бұл жетістік – ұстаздарымыздың ұзақ жылдар бойы табанды еңбегінің, ғылыми ізденіс пен оқу-ағарту ісіне қосқан зор үлестерінің нәтижесі. Ғылым жолындағы табыстар – жас ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде және Қазақстандағы исламтану мен теология ғылымын дамытуда айрықша маңызға ие.
Жаңа ғылыми атақтарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болып, білім мен ғылым саласында жаңа жетістіктерге жете берулеріңізді тілейміз.
Ізгі тілекпен,
Нұр-Мүбарак университеті ұжымы
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved