Кафедраны PhD доктор Махмуд Фуад (2001-2007), PhD доктор Махмуд Абдул Хафиз (2007-2008), PhD доктор Абд ар-Рахман Саад Хасан Мұхаммед Хижази (2008-2013), аға оқытушы Е.Б.Нүсіпбаев (2014-2018), PhD доктор Б.М.Манабаев (2018-2021), PhD доктор Ж.А.Жумашова (2021-2023) басқарған.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі қызметін ф.ғ.д., профессор Рысбаева Гульдархан Калиевна басқарып келеді.
Кафедрада жалпы саны 31 ұстаздар, оның ішінде 1 — ғылым докторы, 3 — ғылым кандидаты, 11 PhD доктор, 9 ғылым магистрі және 7 аға оқытушы қызмет атқарады.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің доценті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері, 3 монография, 5 оқу құралының авторы. Ол көптеген шет елде болып, ғылыми тағлымдамадан өткен және халықаралық және республикалық конференция, симпозиум, семинарларға қатысып тұрады. Tomson Reuters, Scopus халықаралық және республикалық ғылыми басылымдарда мақалалары жарық көрген.
2023 ж. қыркүйек айынан бастап Нұр-Мүбарак университетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі.
ҚР Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73.
info@nmu.edu.kz
+7 (727) 302-09-30 | 7 (727) 302-07-09 | +7 777 302 09 66