«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті 11 және 12 сынып мектеп бітірушілер арасында
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасының жеңімпаздарына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқу үшін арнайы гранттар тағайындалады. Гранттың иегері 1-ші курсқа қабылданып, университетті бітіргенше тегін білім алады.
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың таңдауы бойынша пәндік олимпиада ретінде өтеді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І-ші іріктеу кезеңі 2026 жылдың наурыз айының 11-15 күндері аралығында онлайн жүйесі арқылы өтеді,
ІІ-ші іріктеу кезеңі 2026 жылдың сәуір айының 15-20 күндері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өтеді. Олимпиадаға тіркелу мерзімі 2026 жылдың 9-шы наурызға дейін жалғасады.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved