АБИТУРЕНТ 2024

ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА

РАСПИСАНИЕ ОНЛАЙН УРОКА

ПОДГОТОВИТЕЛЬНЫЕ КУРСЫ

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

CALL - CENTER HELP DESK

icon5

NUR-MUBARAK QORY

ОЛИМПИАДА НУР - МҮБАРАК

FAQ - Часто задаваемые вопросы

Нұр-Мүбарак университеті туралы ақпарат

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Университеттің ең жоғарғы басқару органы: екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған Қамқорлар кеңесі. Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді.

Университет қаламыздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, асхана жұмыс істейді.

Нұр-Мүбарак университетінде қандай мамандықтар бар?

Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.

Бакалавриат бөлімінде:
  1. Исламтану(4 жылдық) — қазақ, ағылшын, орыс бөлімдері;
  2. Исламтану(3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  3. Дінтану (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  4. Дінтану (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  5. Дінтану (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  6. Теология (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  7. Теология (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  8. Теология (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  9. Аударма ісі (араб-ағылшын, ағылшын-араб) — 4 жылдық;
  10. Шетел филологиясы (араб-ағылшын, ағылшын-араб) — 4 жылдық
Магистратура бөлімінде:
  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.
Докторантура бөлімінде:
  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.
Университетке қабылдану үшін қанша балл жинау қажет?

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына қабылданудың шекті балы -50. Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының шекті балы -75. Бұл ретте ҰБТ және Шығармашылық емтиханның әрбірінен 5-тен жоғары балл жинау талап етіледі.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер университетке түсу үшін қашаннан бастап құжат тапсыра алады?

Биыл мектеп бітіруші талапкерлер үшін бектілген пәндер бойынша ҰБТ тапсыруы міндетті. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.

Мемлекеттік білім грантына қалай ие болуға болады?

Университетте барлық мамандықтар бойынша грант қарастырылған. Маусым айында тапсырылған ҰБТ мен шығармашылық емтиханда шекті балды жинағанталапкерлер 13-20 шілде аралығында Білім гранты конкурсына қатысуға өтініш береді. Емтихандардан жоғары балл жинаған талапкер конкурс нәтижесі бойынша грант иегері атанады.

Университетке түсу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

1) Өтініш;

2) Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

3) 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;

4) 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

5) 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;

6) Жеке куәлік көшірмесі қатарлы құжаттар талап етіледі.

Университетке қабылданған жағдайда жатақханадан орын беріледі ме?

Университетте 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі.

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ КОНКУРС

ЛУЧШИЙ ПРЕПОДАВАТЕЛЬ ВУЗА – 2024

г. Алматы, пр. Аль - Фараби 73
info@nmu.edu.kz

© Copyright 2024 All Rights Reserved