Діни ілімді қоғамға насихаттап жүрген ұстаздар «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің игілігі үшін салынып жатқан жаңа оқу ғимаратының құрылысымен танысты. Университет проректоры Ершат Ағыбайұлы құрметті меймандарға құрылыс барысындағы жұмыстарды толық таныстырып шықты.
Жаңа кешеннің бой көтеру барысына құрметті қонақтар оң баға беріп, келешекте ілімді ізбасар шәкірттерді түлететін құтты орда боларына сенім білдірді.
Сондай-ақ, проректор Ершат Ағыбайұлы Оңғар университет үшін маңызға ие оқу кешенін насихаттауға қолғабыс қылған азаматтарға арнайы алғыс хат табыстады. Шәкірттердің оңтайлы ілім игеруіне мүмкіндік беретін заманауи ғимарат құрылысына қолдау білдіргені үшін Ақатаев Ерлан Болатұлы, Қуанышбаев Арман Баймаханұлы, Ризабек Батталұлы, Қабылбек Әліпбайұлы, Әбілқайыр Мәдиұлы, Оралхан Сейдманов, Жомарт Кершеев, Нұрлан Байжігітұлы және Алау Әділбаев сынды ұстаздар марапатталды.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Абай мұрасын дәріптейтін байқау ұйымдастырылды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Dasturosy» қосымша білім беру және
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved