«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде V Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы бастау алды. Білім бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса талапкерлер қатысып жатыр.
Аталмыш олимпиада екі бағыт бойынша өткізілмек. Алғашқы «Дін және теология» бағыты бойынша қатысушылар арнайы құрастырылған сұрақтарға ауызша жауап беруі тиіс. Ал екінші «Тілдер» бағытының қағидатына сәйкес әр оқушы берілген тақырыпқа эссе жазып, өз жұмысын комиссия алдында ауызша қорғауы керек.
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасының жеңімпаздарына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқу үшін арнайы гранттар тағайындалады. Жалпы қос бағыт бойынша озық атанған талапкерлерге жиыны 9 грант табысталмақ.
Сондай-ақ, білім додасымен қатар оқу ошағында оқушылар мен олардың ата-анасына арналған ашық есік күні де ұйымдастырылып жатыр. Іс-шараға қатысушылар университет қалашығына экскурсия жасап, түрлі мастер-класстарға қатысуға мүмкіндік алмақ.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Абай мұрасын дәріптейтін байқау ұйымдастырылды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Dasturosy» қосымша білім беру және
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved