«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті атынан ҚР Ұлттық кітапханасына тың еңбектер табысталды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ұстаздарының еңбектері ҚР Ұлттық кітапхана қорына тапсырылды. Ғылым апталығы аясында жарық көрген туындыларды оқу ошағының проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар мен профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім арнайы барып табыстады.

ҚР Ұлттық кітапханасына берілген монографиялардың санатында биыл 740 жылдық мерейтойы университет көлемінде ұлықталған ислам ғұламасы Қиуамиддин Әмәр Кәтиб әл-Фараби әл-Итқанидың «Манзума әд-дурар (Маржан жырлар)» атты еңбегі бар. Одан бөлек, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры Ш.А.Әділбаеваның, сондай-ақ, аталған оқу орнының аға оқытушылары М.Жолмағанбетова мен Ш.Дуанаеваның «Жастарды өтпелі кезеңде дәстүрлі-рухани құндылықтарға тәрбиелеу» атты ұжымдық монографиясы ауқымды кітап қорына қосылды.

Сонымен қатар, «Қазақстандағы мұсылман этностары – дінтанулық-әлеуметтік зерттеу» атты PhD, қауымдастырылған профессор М.Б.Исахан мен аға оқытушылар А.Сатыбалдиева, М.Төрехановтардың арқасында шыққан тың еңбек те енді ғылыми айналымға түспек.

Дәл осындай үштік автордың ізденісінен туған еңбектердің бірі – «Әсіре діншілдік пен шынайы діндарлық» монографиясы. Философия ғылымдарының кандидаты К.Тышхан, PhD доктор Т.Имаммәди және аға оқытушы Е.Есімқұловтардың арқау болуымен оқырманға жол тартқан еңбек те ҚР Ұлтық кітапханасының қорынан орын тапты.

Аталған құнды еңбектермен қатар «Араб ономастикалық атауларын қазақ тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері» және «Араб онимдері мен діни терминдерінің қазақ тіліндегі ортологиялық сөздік-анықтамалығы» атты қос монография да бұл тізімде бар.

Бұл тізбекке «Жырмен өрілген ислам» атты Ш.Т.Керім мен Р.С. Мухитдинов құрастырған еңбек пен М.Исахан себепші болған «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі» монографиясы, тағы бір профессор Ш.Т. Керімнің, сондай-ақ Б. Абдилхаким, С. Шәкизада сынды ұстаздардың «Цифрлық кеңістіктегі ислам» жинағы рухани ордаға арнайы сыйланды.

Одан өзге С. Оқан мен Ж. Бұланның «Қазақстандағы ислам және ұлттық бірегейлік» атты нұсқаулық еңбегі мен Қ.С. Ержан, М. Махмет секілді авторлардың «Бүгінгі Қазақстан қоғамының дәстүрлі ислам парадигмасы» оқу-әдістемелік құралы ҚР Ұлттық кітапханасына тарту етілді.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Діни қызмет саласындағы жұмыс берушілермен кездесу өтті
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Діни қызмет саласындағы жұмыс берушілермен кездесу өтті
21.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Діни қызмет саласындағы жұмыс берушілермен кездесу өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Діни қызмет саласындағы

Read More