«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналы жарық көрді

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналының таныстырылымы өтті. Айтулы жиынға оқу ошағының профессор-оқытушылар құрамы мен магистратура, докторантура бағытында білім алатын шәкірттер қатысты.

Оқырманға жол тартқан «Исламтану зерттеулері» – ілкімді ғылыми еңбектерді қамтыған, осы саланы зерделеймін деген азаматтарға септігін тигізетін бірегей журнал. Тың туындының жарық көруіне бас редактор, университет профессоры Шамшәдин Тұрсынұлы Керім мен жауапты редактор, PhD доктор Махмет Мұратханның қосқан үлесі зор.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар ғылыми мақаланы халықаралық талаптарға сай жазу, жариялау мәдениетін қалыптастыру, академиялық жазудың негізгі дағдыларын меңгеру сынды мәселелерге кеңінен тоқталды. Бұл тақырыптар жайлы қауымдастырылған профессор Қалмахан Сейтұлы Ержан сөз өрбітіп, жас ғалымдарға бағыт-бағдар берді.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналы жарық көрді
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналы жарық көрді
21.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналы жарық көрді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналының таныстырылымы өтті.

Read More