Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Жаңа халықтық конституцияның құндылығы» атты кездесу өтті

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Роза Өміртайдың студенттермен кездесуі өтті.

«Жаңа халықтық конституцияның құндылығы» атты тақырыппен өрбіген жиында еліміздегі соңғы саяси өзгерістер қордаланып, түрленген Ата заңымыздың жаңа формасы талданды.

Роза Өміртай кездесу барысында шәкірттерге тың биліктік трансформацияны түсіндірді. Сондай-ақ, жуырда қабылданған жаңа Конституцияның құқықтық нормалары мен негізгі аспектілерін саралады.

Одан бөлек, бұл кездесуде жастардың өз құқығын білуі, олардың қарапайым заң нормаларымен танысуы сынды тақырыптар қамтылды.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды
17.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ғылым апталығы аясында «Көптілділік – бүгінгі

Read More