Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 2023-2025 жылдар аралығында орындалған университетішілік ғылыми жобалардың нәтижелері көпшілікке ұсынылды. Іс-шараға оқу ошағының проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар арнайы қатысып, елеулі еңбектердің таныстырылым рәсіміне ортақтасты.
Ғылыми семинарда аталмыш оқу орнының аға оқытушылары A. Сатыбалдиева мен М. Төрехановтың «Қазақстандағы мұсылман этностары — дінтанулық-әлеуметтік зерттеу» атты жобасы қорғалды. Сондай-ақ, аға оқытушылар М.Жолмағанбетова мен Ш. Дуанаеваның «Жасөспірімдерді өтпелі кезеңде дәстүрлі-рухани құндылықтарға тәрбиелеу» атты жобасы жарық көрді.
Тағы бір ілкімді жоба ретінде ф.ғ.к., қауымд.профессор Р.С.Мухитдинов, Б.О.Илесбеков, Қ.Ж. Қасымбаев сынды ғалымдардың «Араб онимдері мен діни терминдердің қазақ тілінде берілуін біріздендіру негіздері» атты бірлескен еңбегі қатысушылар назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, бұл жиында филос.ғыл.кандидаты К.Тышхан мен аға оқытушы Е.Есімқұловтың «Әсіре діншілдік пен шынайы діндарлық» атты еңбегі арнайы таныстырылымнан өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved