Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Ислам ілімдері» бойынша студенттік олимпиада бастау алды.
Іс-шараның ашылу салтанатына оқу ошағының ректоры Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар арнайы қатысты. Білім бәсекесінде университет ректоры құттықтау сөз сөйлеп, талапты жастарға асыл дініміздегі ілімнің мән-маңызын насихаттады:
«Исламда ілім – жай ғана білім емес, ол – жүректі нұрландыратын, адамды тура жолға бастайтын қасиетті аманат. Ілім іздеу – әрбір мұсылманға парыз. Бірақ шынайы ілім – амалмен бірге болғанда ғана құнды. Білім бізді тәкәппар емес, кішіпейіл етуі керек».
Елеулі жиында оқу ордасының проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар да сөз өрбітіп, аталмыш олимпиаданың өтуін ортақ жетістік деп бағалады:
«Бұл сайыс тек студенттер үшін ғана емес, бүкіл университет ұжымы үшін де үлкен мәнге ие. Білімге деген құштарлықты арттырып, жастардың қабілеті мен білімін шыңдауға бағытталған бұл бастама — ортақ жетістігіміздің айқын көрінісі».
Ұйымдастырушылар бекіткен қағидатқа сай білім бәсекесі қос кезеңнен тұрады. Алғашқы сында ислам ілімдерін игерген шәкірттер Фиқһ, Усуль әл-фиқһ, Ақида және Араб тілі (иғроб) сынды жиыны 4 бағыт бойынша тест тапсырмаларын орындап, өзара кіл мықтыны анықтады. Нәтижесінде, 75 студенттің ішінен 12 үздік қатысушы іріктеліп, келесі айналымға жолдама иеленді.
Фиқһ бағыты бойынша
Бакех АмирМұхаммед,Иманқожа Фариза, Құрманхан Микаел және
Қабдулуахит Ислам алғашқы кезеңді абыроймен еңсерді.
Усуль әл-фиқһ бағытында
Серікқали Мұратқали, Тұрсынбай Токжан, Айбекұлы Дамир мен Леспек Ерасыл ақтық сынға іркілмей өтті.
Ақида бағыты бойынша
Киргизбаев Дияс, Асылхан Аида, Исанова Дильназ, Сағидоллаұлы Мағжандар жүзден жүйрік атанып, екінші кезеңде бақ сынауға мүмкіндік алды.
Екінші кезең де аталған бағыттар бойынша жүзеге асады. Бірақ бұл сында қатысушылар берілген тапсырмаларға ауызша жауап беруі тиіс. Исламтану кафедрасының басшылығымен өтіп жатқан олимпиадада озық атанған шәкірттер 15 сәуір күні бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.
Нұр-Мүбарак университетінде пікірталас әдебіне арналған ғылыми семинар өтті 10 сәуір күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қабырғасында «Пікірталас әдебі және
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved