«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде талапкерлерге арналған V Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы аяқталды. Білім додасын түйіндейтін жиынға оқу ошағының ректоры Ахмед Хусейн Мұхамед Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар арнайы қатысты. Қорытынды іс-шарада университет ректоры сөз сөйлеп, талапкерлерге тілектестік білдірді:
«Біздің университет Қазақстанда, жалпы Орта Азияда теңдессіз оқу ошағы болып саналады. Алдағы оқу жылы басталғанда осы бір бірегей білім ордасында сіздермен қайта жүздесемін деген ойдамын. Бүгінгі олимпиадада жеңімпаз атанған талапкерлер ғана емес, барлық қатысушылар да біздің қатарымызға қосылады деп үміттенемін».
Іс-шара басында проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар да сөз сөйлеп, олимпиадаға қатысушы талапкерлерге өз алғысын айтты:
«Асыл дінімізді үйренуге, сол жолда қызмет етуге былтыр да ықыласты шәкірттер көп болған. Жалпы бұл салаға қоғам тарапынан үлкен сұраныс бар. Сіздер университетемізге келіп, олимпиадаға қатысып маңызды қадам жасадыңыздар. Сондықтан бұл жолды таңдаудың, олимпиадаға қатысудың өзі үлкен жеңіспен парапар».
Аталған олимпиада екі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы «Дін және теология» бағыты бойынша қатысушылар арнайы құрастырылған сұрақтарға ауызша жауап берді. Ал екінші «Тілдер» бағытының қағидатына сәйкес әр оқушы берілген тақырыпқа эссе жазып, өз жұмысын комиссия алдында ауызша қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Шетел филологиясы және аударма ісі бағытында озық атанған талапкерлер:
1 орын – Румиса Магамадова
2 орын – Амина Махсут
3 орын – Сафия Аубакир
Дін және теология бағытында жүлдегер атанған талапкерлер:
1 орын – Ислам Нұрғали
2 орын – Кәусар Ермекқалиева, Ислам Бершімбай
3 орын – Бексұлтан Жаппас, Рабиға Постанбай, Мерей Турегелді
V Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасының нәтижесі бойынша жүлдеге іліккен 9 талапкерге аталмыш оқу орнында оқуға мүмкіндік беретін білім гранттары табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға оқу ақысына 10%-дық жеңілдік берілді.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші курс студенттерін «Хусамуддин
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved