«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар бүгін Түркістанда басталған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің 48-ші мәжілісіне қатысты.
Сонымен қатар кеңес мүшелерінің қатарында университетіміздің профессор-оқытушылары Шамшәдин Керім, Алау Әділбаев, Мұхиддин Паттеев, Рашид Мухитдинов, Мұқан Исахан, Ықтияр Палтөре бар.
Мәжіліс барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, ҚМДБ-ның «Адал қоғам» тұжырымдамасы (ислам құндылықтары негізінде), жасанды интеллект технологияларына негізделген «Imam AI» мобильді қосымшасының жобасы, сондай-ақ «Аудармашылар алқасы» аясында қазақ тіліне аударылатын классикалық еңбектер жобасы қордаланды.
Одан бөлек, кеңес мүшелері өзге де өзекті пәтуаларды сүзгіден өткізді. Олардың санатында келісімшартта көрсетілген уәдені орындау үкімі, жалға берілген жердің ұшырын беру үкімі, чайлдфри үкімі, кейіннен мүлікті иелену құқығымен жалға алу (Ijarah) үкімі және құрбандық етін сатудың үкімі бар.
Түркістанда бастау алған Ғұламалар кеңесіне университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып жатыр «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved