«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірттері аталмыш экологиялық акцияға белсене қатысты. «Таза Қазақстан« акциясының басты мақсаты — экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту болды. 

Акция аясында студенттер бекітілген аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мұндай бастамаларға қатысу жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырмақ.

Бұл ілкімді іс-шара жастар арасында экологиялық сананы тәрбиелеуге және табиғатқа ұқыпты қарау құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Соңғылар

Түркістанда бастау алған Ғұламалар кеңесіне университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып жатыр
Түркістанда бастау алған Ғұламалар кеңесіне университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып жатыр
25.04.2026 Жаналықтар

Түркістанда бастау алған Ғұламалар кеңесіне университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып жатыр «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор

Read More