«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығының ұйымдастыруымен Сира апталығына орай студенттер арасында білім сайысы өтті. Пайғамбарымыздың өмірбаянын дәріптеуге бағытталған байқауға жиыны 60-қа жуық шәкірт қатысты.
Аталмыш бәсеке екі кезең бойынша Нұриддин Итрдің «Ән-Нәфәхәту әл-итрия фи сирати хайр әл-бәрия» кітабы негізінде ұйымдастырылды. Алғашқы сында қатысушылар арнайы әзірленген тест тапсырмасын орындаса, екінші кезеңде электронды ұяшықтар арқылы сауалдарға ауызша жауап берді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қазақ ойшылдары» апталығын қорытындылайтын іс-шарада анықталмақ.
Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен №228 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved