«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының 4-курс студенті Әден Балжан мен 3-курс студенттері Жақсылық Нұртуған және Ашура Мерей «6В02202-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі дін» атты республикалық пәндік олимпиадада топтық жарыс бойынша жүлделі 2 орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, біздің шәкірттер жекелей (кахут) сында жүлделі 1 орынды иеленді.

«Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша жыл сайын өтетін олимпиада биыл ХVIII мәрте ұйымдастырылып отыр. 

«Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті білім бәсекесінде озық атанған студенттерді құттықтай отыра, ұстаздар қауымы мен талапты шәкірттерге алдағы додаларда сәттілік тілейді.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми сайыс өтті
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми сайыс өтті
20.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми сайыс өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Dasturosy» қосымша білім беру және ижаза орталығы

Read More