«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ғылым апталығы аясында «Көптілділік – бүгінгі заман талабы» атты VІІІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға оқу ордасының ректоры Ахмед Хусейн Мұхамед Ибраһим арнайы қатысып, студенттерге көп тіл меңгерудің алғышарттары мен артықшылығы жайлы ой айтты:

«XIX-XX ғасырларда араб тілі әлемдік деңгейдегі ғылыми тіл болды. Орта ғасырларда ғалымдар араб тілін үйреніп, ғылыми жаңалықтарға қол жеткізді. Осы күні ағылшын тілі халықаралық қатынасқа негізделген тілдердің бастауында тұр. Жалпы алғанда қаншалықты көп тіл білсеңіздер, соншалықты көп өркениетпен таныс боласыздар. Сондықтан тек бір тілді игерумен ғана шектелмеген дұрыс. Мен шәкірттерге бірнеше тілді үйренуге, сол арқылы сөздік қорларыңызды, таным-көкжиектеріңізді кеңейтуге кеңес беремін».

«Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының басшылығымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға 52 студент қатысты. Іс-шара «Араб тілін жетік меңгерудің ерекшеліктері», «Шетел тілінің қазіргі заманауи көпмәдениетті әлемдегі рөлі», «Көптілділік – заманауи тұлға қалыптастырудың негізі» атты жиыны үш бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Конференция барысында қатысушылардың жұмыстары комиссия мүшелері тарапынан 100 балдық жүйе есебінде бағаланды.

    Байқау қорытындысы бойынша «Араб тілін жетік меңгерудің ерекшеліктері» бағытында:
    1 орынды Бауыржанұлы Мухаммед,
    2 орынды Нұрыханов Қоныс,
    3 орынды Тұрсынғали Аягөз еншіледі.

Ал «Шетел тілінің қазіргі заманауи көпмәдениетті әлемдегі рөлі» бағыты бойынша:
    1 орын Бекболат Мадина,
    2 орын Темірлан Аянаға,
    3 орын Дакен Аяулымға берілді.

Соңғы «Көптілділік – заманауи тұлға қалыптастырудың негізі» бағыты бойынша:
    1 орынға Аюп Ақниет пен Құрал Назерке,
    2 орынға Муртаза Зубайда,
    3 орынға Сұлтан Дінмұхаммед лайық деп танылды.

Әр бағытта үздік деп танылған студенттер арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды
17.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ғылым апталығы аясында «Көптілділік – бүгінгі

Read More