«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен №228 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Жиынға оқу ошағының ректоры Ахмед Хусейн Мұхамед Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар арнайы қатысты. Ғылыми кеңес мәжілісі барысында университет ректоры сөз өрбітіп, оқу жылының аяқталуы жайлы ой қозғады:
«Осы аптадан бастап университетте қорытынды сынақтар басталмақ. Шәкірттерге 27 сәуірге дейін тиісті емтихан сұрақтары берілетін. Бұл жолы да ұстаздар тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілді. Биылғы оқу жылы университет үшін табысты тәмамдалады деп сенемін және сіздерге сәттілік тілеймін».
Жиында университет проректоры, PhD доктор Оңғар Ершат Ағыбайұлы да сөз сөйлеп, ұстаздар қауымына алғыс білдірді:
«Өткен айда қарқынды түрде жұмыс атқардық. Халықаралық конференциялар ұйымдастырдық, сол игі бастаманың аясында ғылыми маңызға ие қолжазбалар кітап болып жарыққа шықты. Өзге де мақтауға тұрарлық жұмыстар бар. Бұл ілкімді істерді бірлесіп атқарған кафедра меңгерушілеріне, профессор-оқытушылар құрамына өз алғысымды айтамын. Осындай жақсы бастамалар жалғасын табады деген сенімдемін».
Ғылыми кеңес мәжілісінде күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыға түсті. Жиында 2026-2027 оқу жылына талапкерлер қабылдау бойынша Қабылдау комиссиясының құрамын бекіту қарастырылды. Одан бөлек, Исламтану кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры
Қ.С.Ержанның «Ислам теологиясындағы пайғамбарлық:
матуридилік мектеп негізінде» атты ғылыми монографиясын
және Дінтану кафедрасының PhD докторы М.Махметтің «Ақыт Үлімжіұлының діни дүниетанымдық идеялары» атты ғылыми монографиясын баспаға ұсыну ісі мақұлданды.
Сондай-ақ студенттердің курстан курсқа көшуі бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған GPA көрсеткішін бекіту мәселесі мен Исламтану кафедрасының 2-курс докторанттарын Түркия республикасы Анкара қаласына шетелдік тағылымдамаға жіберу ұсынысы талқыланды.
Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен №228 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved