«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті атынан Фараб кітапханасына ғылыми еңбектер табысталды

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті ұстаздарының еңбектері Түркістандағы Фараб кітапханасына тапсырылды. Ғылыми маңызы бар туындыларды оқу ошағының проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар ҚР Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай арнайы барып табыстады.

Фараб кітапханасына берілген монографиялардың санатында биыл 740 жылдық мерейтойы университет көлемінде ұлықталған ислам ғұламасы Қиуамиддин Әмәр Кәтиб әл-Фараби әл-Итқанидың «Манзума әд-дурар (Маржан жырлар) атты еңбегі бар. Одан бөлек, Б.Илесбековтың «Ғұлама Ахмад ибн Мансұр әл-Испиджаби және оның ғылыми мұрасы» монографиясы да аталмыш кітапхана төрінен орын тапты.

Сонымен қатар Т. Имәммәдидің «Қазақы жол: Әдет-ғұрып заңдары мен мұсылмандық құқық» еңбегі де оқырман қауымның арқау болуымен енді ғылыми айналымға түспек.

Университет профессоры Ш.Т. Керімнің ілкімді ізденісінен туған еңбектердің бірі – «Орта ғасырдағы ислам мемлекеттері тарихындағы ғуламдардың (мәмлүктердің) орны» туындысы да сыйланған кітаптар тізімінде бар.

«Жырмен өрілген ислам» атты Ш.Т.Керім мен Р.С. Мухитдинов құрастырған еңбек пен тағы бір профессор Ш.Т. Керімнің, сондай-ақ Б. Абдилхаким, С. Шәкизада сынды ұстаздардың «Цифрлық кеңістіктегі ислам» жинағы да рухани ордаға арнайы сыйланды.

М. Исахан себепші болған «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі» монографиясы, одан өзге С. Оқан мен Ж.Бұланның «Қазақстандағы ислам және ұлттық бірегейлік» атты нұсқаулық еңбегі, Қ.С. Ержан, М. Махмет секілді авторлардың «Бүгінгі Қазақстан қоғамының дәстүрлі ислам парадигмасы» оқу-әдістемелік құралы да Фараб кітапханасына тарту етілді.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті
24.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші курс студенттерін «Хусамуддин

Read More