«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде ҚР Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай қаламгер ұстаздардың қатысуымен келелі кездесу өтті. «Кітап – сарқылмас қазына» атты тақырыппен өрбіген жиында Мұрат Әбілқасымұлы, Ернар Есімқұлов, Бағлан Шежімбай және Сырым Шәкизада сынды спикерлер сөз сөйлеп, шәкірттерге кітап оқудың пайдасы мен артықшылығын насихаттады.
Спикерлер ілкімді кездесуде ілімге бет бұрудың маңызын айтып, кітап оқу мәдениеті мен кітап жазу әдістерін талдады. Одан бөлек, шәкірттерді білім бағдарламасын жөнді игеруге, ілім жолында кітаппен дос болуға шақырды.
Кездесу соңында спикерлерге татымды сұрақ қойған студенттерге сыйлыққа кітап берілді. Жалпы аталған іс-шара рухани ой алмасуға ғана емес, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға дәнекер болды.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші курс студенттерін «Хусамуддин
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved