«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма жанындағы Кеңес және оңалту орталығының теологі, дінтану магистрі Қалиев Нұржан Сабырұлымен кездесу өтті. «Діни ақпаратты сенімді кітаптардан алудың маңызы» атты тақырыпты арқау еткен жиында залалды мағлұматтарды қолданудың кем-кетігі сараланып, оны анықтаудың тәсілдері талқыланды.
Кездесу барысында жалған ақпараттың қоғамға, әсіресе жастардың діни танымына тигізетін кері әсері кеңінен талданды. Одан бөлек, Нұржан Сабырұлы студенттермен ашық пікір алмасып, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселесін қозғады.
Бұл кездесу шәкірттердің теріс ағымдарды насихаттайтын кітаптарға қарсы сыни көзқарасын қалыптастыруға және олардың діни ақпарат тұтыну сауаттылығын арттыруға бағытталды.
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші түлектерді оқуға шақыру жиыны өтті «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде бітіруші курс студенттерін «Хусамуддин
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved