ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші түлектері еліміздің әр өңіріндегі Діни қызмет саласындағы жұмыс берушілермен кездесті. Іс-шараға арнайы келген әр 18 өңірдің өкілдері жоғары курс студенттерімен жеке-жеке бос жұмыс орны мен жұмыс істеу мүмкіндіктерін саралады.

Кездесуге ортақтасқан ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаевтың айтуынша, мұндай бастама түлектерге ғана емес, жұмыс беруші тараптарға да тиімді:

«Біздің өңірге дін саласын жөнді жүргізетін, халыққа адал қызмет ететін мамандар керек. «Нұр-Мүбарак» университетін ШҚО-нан биыл 7 түлек аяқтайды екен. Сол түлектерге келіп қолқа жасап отырмыз. Бізде Өскемен қаласында және басқа да аудан-ауылдарда жұмыс істеуге болады. Қазірдің өзінде ШҚО-да дін саласында қызмет ететін 12 маман жетіспейді. Осы кездесу арқылы білімді түлектерді өз қатарымызға қосамыз деген ойдамын».

Түлектермен кездесуге БҚО Дін мәселесін зерттеу орталығының басшысы Кабдоллин Мейрамбек Ержанұлы да қатысып, өз өңіріндегі дін саласына аталмыш оқу орнының ықпалы зор екенін айтты:

«Біздің БҚО-да дін саласында қызмет етіп жатқан жас мамандардың дені Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аяқтаған. Менің өзімде осы білім ошағының түлегімін. Сондықтан өз өңірімізге қарасты түлектерді біздің аймақта жұмыс істеуге шақырамын».

Биыл «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін бітіруші түлектері ең көп өңірлердің басында Түркістан облысы (78 студент), Алматы облысы (50 студент) және Жамбыл облысы (30 студент) тұр. Сондай-ақ, түлектер саны салыстырмалы түрде аз өңірлер қатарына Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары жатады. Тізімдегі өңірлердің әрқайсысынан 7 студенттен, ал Павлодар және Абай облыстарынан 4 студенттен биыл аталмыш оқу орнын аяқтағалы отыр.

Соңғылар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналы жарық көрді
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналы жарық көрді
21.04.2026 Жаналықтар

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналы жарық көрді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану зерттеулері» журналының таныстырылымы өтті.

Read More