«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Діни қызмет саласындағы жұмыс берушілермен кездесу өтті. Іс-шараның ашылу рәсіміне оқу ошағының ректоры Ахмед Хусейн Мұхамед Ибраһим мен проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы арнайы қатысты. Жиында университет ректоры сөз өрбітіп, ілкімді бастаманың түлектер үшін пайдалы боларына сенім білдірді:
«Біздің Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде студент жастарға пайдалы да қажетті білім беру жолында үздіксіз әрі жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі қадірлі қонақтарымыз – діни саладағы жұмыс беруші мамандар – біздің түлектеріміздің бойынан терең білімді, үйлесімді тәрбиені, сондай-ақ, жат ағымдар мен жалған түсініктерге қарсы тұра алатын рухани иммунитетті көре алады деген сенімдемін».
Кездесуде университет проректоры, PhD доктор Оңғар Ершат Ағыбайұлы да сөз сөйлеп, аталмыш жиынның мән-маңызын арқау етті:
«Биыл біздің университетті 384 түлек аяқтағалы отыр. Бұл шындығында аз көрсеткіш емес. Біз шәкірттерге тек ілім үйретумен ғана шектелмеуіміз керек. Оларды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де қолға алғанымыз абзал. Осы себепті жұмыс беруші тарап пен өз шәкірттеріміздің арасында байланыс орнатуды басты назарымызға алдық».
Іс-шараға ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Аманқұлов Хасан Ташайұлы да арнайы ортақтасып, шәкірттерге ерек үндеу жасады:
«Елімізде ресми тіркелген 5154 діни қызметкер бар. Олардың ішінде тек 1471 діни қызметкер ғана жоғары білімге ие. Бұл пайыздық мөлшерге шаққанда 29%-ды ғана құрайды. Осыдан-ақ діни салада жоғары білімді мамандардың жетіспейтінін аңғаруға болады. Расында, әрбір орта, әрбір қоғам діни қызметкерлерді қажет етіп жатыр. Сондықтан бітіруші түлектерді осы салада еңбек етуге шақырамын».
Биыл «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану, дінтану жэне теология бағыттары бойынша бакалаврды 384 білім алушы тәмамдайды. Оның ішінде Исламтану бағытында 282 студент, Дінтануда 63 студент, Теологияда 21 студент бар.
Бітіруші түлектермен кездесуге еліміздің 18 өңірінен Діни қызмет саласындағы жұмыс берушілер келді.
Діни сала қызметкерлері жаңа оқу нысанымен танысты «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлектерімен кездесуге келген Діни сала қызметкерлері жаңадан салынып
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved