НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АРАБ ТІЛІНЕН ОЛИМПИАДА БАСТАУ АЛДЫ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ғылым апталығы қарсаңында «араб тілі» пәндік олимпиадасы басталды. Білім додасына аталған оқу ошағының 1-3 курс студенттері қатысып, жалпы 3 кезең бойынша өзара кіл мықтыны анықтау үстінде.

«Араб тілі» пәндік олимпиадасының алғашқы кезеңі тыңдалым және оқылым бойынша өтті. Қатысушылар арнайы әзірленген мәтіндермен жіті танысып, артынша 30 минут ішінде сұрақтарға жауап берді.

Келесі кезең жазылым форматында жүзеге асты. Мұнда да студенттер 30 минут ішінде берілген тапсырмаларды орындады.

Олимпиада қағидаты бойынша қос кезеңді мүлтіксіз еңсерген студенттер ақтық сынға жолдама алмақ. Осылайша өзара іріктелген үздік шәкірттер соңғы кезеңде сөйлеу бойынша бәсекеге түседі. Қорытынды сайыста студенттер қойылған сауалдарға араб тілінде жауап беріп, 3-5 минут уақыт ішінде өз ойларын ортаға салуы тиіс.

«Араб тілі» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 10 сәуір күні марапатталмақ.

Соңғылар

Нұр-Мүбарак университетінде «Ислам ілімдері» бойынша студенттік олимпиада басталды
Нұр-Мүбарак университетінде «Ислам ілімдері» бойынша студенттік олимпиада басталды
14.04.2026 Жаналықтар

Нұр-Мүбарак университетінде «Ислам ілімдері» бойынша студенттік олимпиада басталды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Ислам ілімдері» бойынша студенттік олимпиада бастау алды.

Read More