Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 8-9 сәуір күндері өткен «араб тілі» және «ағылшын тілі» пәндік олимпиадасының нәтижесі қорытындыланды. Білім бәсекесіне арнайы іріктелген үздік 50-ден астам студент қатысты.
Қос пәндік олимпиада жиыны екі кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда шәкірттер тыңдалым және оқылым бойынша өзара сынға түсті. Ал екінші кезең айтылым мен жазылым бағыты бойынша ұйымдастырылды.
«Араб тілі» пәндік олимпиадасында 1 деңгей бойынша Қанатбаева Дина бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, екінші орын Сайдуллаұлы Абдухакимнің еншісіне жазылса, үшінші орын Зулфиева Севинчке берілді. Аталған білім додасының 2 деңгейі бойынша Шайхы Ұлпан бірінші орын иегері атанды. Бұл сында екінші орынды Мағауия Айқын алса, үшінші орынды Қуанбек Аякөз түйіндеді.
Қорытынды 3 деңгей бойынша Нұрмұрат Махамбет бірінші орынды иемденді. Елгун Рахимли екінші орынға қол созса, үшінші орынға Абилла Маркаба лайық деп танылды.
«Ағылшын тілі» пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша бірінші орынды Шайхиден Абдрахман иеленді.
Аталмыш білім бәйгесінде Бекболат Мадина екінші орынды иемденсе, үшінші орын Алиахмет Айшаға берілді.
Олимпиада нәтижесі бойынша І және ІІ орын алған студенттерге ақшалай сыйлық табысталды. Одан бөлек, ІІІ орын иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нұр-Мүбарак университетінде ислам ілімдері бойынша зияткерлік сайыс өз мәресіне жетті Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Ислам ілімдері» бойынша студенттік олимпиада
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved