Введите текст заголовка

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН БІРЛЕСІП ТЫҢДАДЫ

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден қарады. 

Бұл маңызды саяси оқиғаға университет жастары белсенді қатысып, ел дамуының жаңа басымдықтарын назарға алды. Жолдауда көтерілген білім беру, жастар саясаты, әлеуметтік қолдау және ел бірлігі мәселелері студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырды.

Жолдауды бірге көру – университет қауымдастығы үшін еліміздің стратегиялық даму бағыттарын терең түсінуге және жаңа оқу жылын тың серпінмен бастауға мүмкіндік берді.

Нұр-Мүбарак ұжымы Президент бастамаларын қолдап, елдің өркендеуіне үлес қосуға дайын!