Введите текст заголовка

Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторы, доцент м.а., жас ғалым АБДУЛХАКИМ БУРХАНАДИН ҚР Ғылым және жоғары білім министрі САЯСАТ НҰРБЕКТЕН «ЖАС ҒАЛЫМҒА ПӘТЕР» сертификатын иеленді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың:
«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық, әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды» – деген сөздері бүгінде нақты істермен жүзеге асырылуда. Осы игі бастаманың жарқын көрінісі ретінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, доцент м.а., жас ғалым Абдулхаким Бурханадин Шарафаддинұлына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тарапынан «Жас ғалымға пәтер» сертификаты салтанатты түрде табысталды.

Бұл — жас ғалымдардың еңбегі мен ізденісіне берілген жоғары баға, сонымен қатар елімізде ғылымға қолдау көрсетудің нақты қадамы.

Сонымен бірге Абдулхаким Бурханадин Шарафаддинұлы 2023–2025 жылдарға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан гранттық қаржыландыруға ие «Жас ғалым» (Постдокторантура) жобасы аясындағы AP19174944 «Деобандия мектебінің діни-саяси идеологиясының Орта Азияға ықпалы» атты ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады.

Абдулхаким Бурханадин Шарафаддинұлын осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ғылыми жолыңыз жемісті болып, еңбегіңіздің игілігі еліміздің рухани дамуына, ғылымның өркендеуіне қызмет ете берсін деген тілектеміз!