Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінен 15.10.2025 жылы келіп түскен № ТФ-34 хаттың негізінде және Республика күніне орай, 2025 жылдың 24 қазанында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 курс студенттерінің арасында “Заң мен құқық” тақырыбында ашық диктант өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға деген құрметін арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту болды. Ашық диктант барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен құқықтық нормаларына байланысты мәтін ұсынылып, олардың сауаттылығы мен құқықтық білім деңгейі тексерілді.
Диктантқа университеттің түрлі мамандықтарында білім алып жатқан 1 курс студенттері белсене қатысып, өздерінің құқықтық сауаттылықтарын танытты. Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.
Аталған шара Республика күні қарсаңында өткізілген маңызды тәрбиелік мәні бар іс-шара болып табылады. Ол студенттерге ел заңдарын құрметтеуді, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуді үйретіп, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттырды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved