Қазан қаласында өткен халықаралық олимпиада — ғылым мен руханияттың тоғысқан алаңы болды. Әлемнің 20-дан астам елінен жиналған қатысушылардың арасында Нұр-Мүбарак университетінің студенттері де білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, абыройлы жетістіктерге қол жеткізді.
Кабдулахит Ислам — усул әл-фиқһ және фиқһ бағыттары бойынша III орын, Абдрахман Нұрахмед — араб тілі бағыты бойынша I орын иеленді. Осы маңызды жеңістермен университет ректоры Ахмед Хусейн Мухаммад Ибрахим арнайы құттықтап, студенттердің еңбегі мен талпынысына жоғары бағасын берді. Бұл олимпиада — тек бәсеке ғана емес, білім мен бауырластықты, рухани байланысты нығайтатын орта болды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved