Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті делегациясының Малайзияға мемлекетіне ресми іссапары барысында Малайзияның бірқатар беделді университет өкілдерімен кездесу жалғасуда.
Соның ішінде, Малайзияның халықаралық ислам университеті ректоры профессор, доктор Осман Бин Бакар Нұр-Мүбарак делегациясын қабылдап, келешектегі екіжақты ынтымақтастық жоспары талқыланды. Сондай-ақ, Нұр-Мүбарак қорының мамандарына арнайы шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар QS рейтінгі бойынша әлемдік университеттер арасында 58-орындағы Малая университетімен серіктестік жөнінде келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде бірлескен жобалар жасалып, шәкірттер мен профессорлық құрамының академиялық ұтқырлық, Scopus базасына мақала жариялау бойынша жұмыстарды жандандыру жоспарланды.
Куала Лумпурдағы делегацияның соңғы кездесуі Малайзиялық Ислам ғылымдары университетінің қабырғасында жалғасты. Академиялық және халықаралық мәселелер жөніндегі проректор профессор, доктор Ник Салида Сухайла ханыммен өткізілген жемісті кездесу барасында ниет хатына қол қойылды және қос дипломды бағдарламаны іске асыру жобасы сараланды.
Сапар қорытындысында Малайзияның 5 жоғары оқу орнымен кездесу ұйымдастырылып, келешекте жүзеге асырылатын әріптестік бағыттары айқындалды. Сапар нәтижесінде халықаралық ынтымақтастықты орнату бағытындағы жұмыстар әрі қарай да қарқынды дамиды деген сенімдеміз.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved