Введите текст заголовка

2025 жылғы Малайзия сапарында Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Ершат Оңғар бастаған делегация беделді оқу орындарымен кездесті.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар бастаған делегация 2025 жылғы Малайзияға ресми іссапар барысында бірқатар беделді университеттері өкілдерімен кездесу өткізді.

Атап айтатын болсақ, Майлайзияның исламдық қаржы саласындағы алдыңғы қатарлы университеті INCEIF өкілдерімен кездесіп, тараптар келешекте бірлесіп жұмыс жасау бойынша ниет хатына қол қойды.
INCEIF университеті (International Centre of Educational Excellence in Islamic Finance) Исламдық қаржы саласындағы халықаралық білім беру орталығы — 2005 жылы Исламдық қаржы индустриясы үшін адами капитал дайындау мақсатында құрылған Малайзиядағы исламдық университет және исламдық қаржының жаһандық жоғары оқу орны ретінде кеңінен танымал.

Сонымен қатар Universiti Sultan Zainal Abidin (UniSZA) университетінің өклдерімен де кездесу ұйымдастырылып, алдағы бірлескен жобалар талқыланды және ниет хатына қол қойылды. Екі университет кездесууі барысында қол қойылған ниет хаты аясында, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, оқытушылардың біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми жобалар мен қос дипломды бағдарламаларды іске асыру, қайырымдылық қорын жүйелендіру бойынша тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Аталмыш ниет хаты алдағы ынтымақтастық туралы ресми құжатқа қол қоюдың алғы шарттары болмақ. Университеттер бірлескен жұмыстарды бастаған соң, екі жоғары оқу орындарының басшылары кеңейтілген форматта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятын болады.