Введите текст заголовка

20.12.2025

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университеті қабырғасында дәстүрлі ислам бағытындағы жаңа ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті.

Аталған жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жарық көрген кітаптардың тұсауын кесті. Іс-шараға ғалымдар, оқытушылар мен студенттер жиналды.

Танытым барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл еңбектердің дін мен дәстүр сабақтастығын ғылыми тұрғыда зерделеуге, қоғамда дәстүрлі ислам түсінігін орнықтыруға бағытталғанын атап өтті.

Айта кетейік, жиында келесі кітаптар көпшілікке таныстырылды: Жырмен өрілген ислам хрестоматиясы, Ғұлама Ахмад ибн Мансур әл-Испиджаби және оның ғылыми мұрасы, Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі, Қазақы жол: әдет-ғұрып заңдары мен мұсылмандық құқық атты монографиялар, сондай-ақ Бүгінгі Қазақстан қоғамының дәстүрлі ислам парадигмасы оқу-әдістемелік құралы.

Жиын соңында Бас мүфти авторлар мен ғылыми жобаға атсалысқан зерттеушілерге алғыс білдіріп, аталған еңбектердің еліміздің рухани тұтастығын нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.