Введите текст заголовка

Нұр-Мүбарак университетіне МЫСЫР АРАБ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УАҚЫФТАР МИНИСТРІ, ПРОФЕССОР УССАМА ӘЛ-АЗХАРИ арнайы келді

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар министрі, профессор Усама әл-Азхари студенттермен арнайы кездесу өткізді.

Шара аясында мәртебелі қонақ жастармен еркін әңгіме құрып, қазіргі заман жастарының тұлғалық қалыптасуы, рухани-имани құндылықтарды бойына сіңіруі және ғылым-білімге ұмтылысы жайлы терең ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, ол өзінің өмірлік тәжірибесі мен ғылыми жолындағы тағылымды тұстарын айтып, студенттерге өнегелі насихат жасады.

Кездесу барысында профессор Усама әл-Азхари ғылымның мән-маңызы мен шынайы білім алудың жауапкершілігін айрықша атап өтті. Ол жастарды біліммен ғана шектелмей, оны қоғам игілігіне жаратып, адамзатқа қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар, рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды берік ұстанудың маңыздылығына тоқталды. 

Бұл мазмұнды жүздесу студенттердің рухани дамуына зор ықпал етіп, олардың ғылым-білімге деген құлшынысын арттыра түсті. Университет жастары мұндай жоғары деңгейдегі басқосулардың олардың ой-өрісін кеңейтіп, болашаққа деген сенімін нығайта түсетінін атап өтті.