ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлының бастамасымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық марафоны өтті
11-наурыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлының бастамасымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық марафоны өтті. Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған бұл игі шара мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттауға бағытталды.
Марафон аясында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Ағыбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы университет студенттерімен арнайы кездесіп. Кездесу барысында студенттерге сыйлық ретінде азық-түлік себеттері таратылып, оларға қолдау көрсетілді.
Бұл игі бастама Рамазан айының берекесін арттырып, жастарға қамқорлық танытудың және қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved