19.12.2025
Күн тәртібінде бірқатар маңызды діни-құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылуда. Атап айтқанда, «Қазақстан мұсылмандарының ортақ құндылықтар тұғырнамасы» құжатын және ҚМДБ «Қазақ Құран баспасының баспа үйіне дейінгі зерттеу және әзірлеу» жұмыстарын талқылау, ҚМДБ-ның 2026 жылға арналған негізгі бағыттары мен жыл атауын айқындау, сондай-ақ бірқатар пәтуалар бойынша шешім қабылдау жоспарланған.
Сонымен қатар мәжіліс барысында заманауи медициналық және технологиялық мәселелерге қатысты пәтуалар талқыланып, бекітіледі. Атап айтқанда, «Жасанды интеллектен пәтуа алу», «Клондау», «Бариатриялық хирургия жасату» және «Химиялық тазалау арқылы нәжісті кетіру» мәселелері күн тәртібіне енгізілген.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved