Введите текст заголовка

26.12.2025

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Оңғар Ершат Ағыбайұлын мерекелік медальмен марапаттады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен салтанатты жиында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласының дамуына ұзақ жылдар бойы табанды әрі жемісті қызмет етіп келе жатқан орталық аппарат қызметкерлері арнайы мерекелік медальмен марапатталды.

Аталған марапаттау рәсімінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Оңғар Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ-ның 35 жылдығына арналған арнайы мерекелік медальмен марапатталды. 

Салтанатты жиын барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапат иелерін құттықтап, олардың елдің рухани дамуына қосып келе жатқан үлестеріне ризашылығын білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.