Нұр-Мүбарак университетінде пікірталас әдебіне арналған ғылыми семинар өтті

10 сәуір күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қабырғасында «Пікірталас әдебі және ғылыми дискурс мәдениеті» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында университет ректоры Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим сөз сөйлеп, тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады. Жиынға білікті зерттеушілер, оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинарда пікірталас мәдениетінің негізгі қағидаттары жан-жақты талқыланып, этикалық нормалар сараланды. Атап айтқанда, пікірсайыс барысында қарсы тарапты құрметтеу, нақты дәлелдерге сүйене отырып ой жеткізу, тақырыптан ауытқымау және ғылыми-логикалық ұстанымды сақтау сынды маңызды мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, пікірсайысқа қызығушылығы бар қатысушыларға пайдалы кеңестер берілді. Діни әрі зияткерлік пікірталастың әдебі кеңінен түсіндіріліп, қатысушыларға рухани және ғылыми бағытта маңызды мағлұматтар ұсынылды.

Соңғылар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
10.04.2026 Жаналықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді 2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас

Read More