Хамзеева Базар Хамзақызының отбасына
КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛ ХАТЫ
Хамзеева Базар Хамзақызының өмірден өткендігі туралы қаралы хабарды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұжымы терең күйзеліспен қабылдады. Бұл – марқұмның туған-туыстары мен жақындары үшін ғана емес, университет ұжымы үшін де орны толмас ауыр қаза.
Базар Хамзақызы 2010 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде адал еңбек етіп, адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары қызметкер ретінде әріптестерінің құрметіне бөленді.Хамзеева Базар Хамзақызы (07.11.1948 – 01.02.2026) артына жақсы ат пен жарқын естелік қалдырды.
Марқұмның жаназа намазы 2026 жылғы 3 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Нұр-Мүбарак мешітінде оқылады.
Осы ауыр қайғыға байланысты Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыстарына шынайы көңіл айтады.
Алла Тағала марқұмның иманын саламат қылып, мәңгілік мекенін жәннаттан етсін. Артында қалған жақындарына көркем сабыр берсін. Әмин.
Құрметпен,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің ұжымы
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved