Құрметті қазақ елі!

Баршаңызды ұлық мереке – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айы – сабыр мен шүкірдің, мейірім мен қайырымдылықтың айы. Осы айда жасаған игі амалдарымыз бен дұға-тілектеріміз қабыл болып, жүректеріміз иман нұрына толсын.

Ораза айт – бірлік пен бауырмалдықты нығайтатын, кешірім мен жанашырлыққа үндейтін ерекше мереке. Бұл күндері әр шаңыраққа береке орнап, қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін.

Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс, отбастарыңызға амандық пен бақыт тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Ұлық мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Нұр-Мүбарак Университет проректоры
Ершат Ағыбайұлы