Нұр-Мүбарак университетінің қабылдау комиссиясы 2025–2026 оқу жылына қабылдау үдерісіне дайындық үстінде. Мақсат – алдағы қабылдау науқанының жүйелі әрі сапалы өтуін қамтамасыз ету.
Осы орайда, 2025 жылдың 19–22 мамыр аралығында Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Астана қалаларына кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізетін жауапты мамандармен кездесу өткізілді.
Биылғы басты меже – талапкерлер контингентін 85%-ке арттыру. Бұл көрсеткіш – университетке деген сенімнің артуын ғана емес, сонымен қатар білім беру сапасына қойылған жоғары талаптардың көрінісі.
Жаңа кезең қарсаңында негізгі басымдық – аймақтармен тікелей жұмыс жүргізу, талапкерлермен кері байланысты күшейту және кәсіби бағдарлаудың тиімділігін арттыру.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved