Сәуір айының 7 күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Ислам ғұламасы Қиуамуддин Әмір Кәтиб Әл-Фараби Әл-Итқани: Өмірі мен мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция бастау алды.
Білік пен білімге негізделген халықаралық жиын ғалымның туылғанына 740 жыл және қасиетті білім ордасының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Ілкімді іс-шараның басы Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының мемлекеттік әнұрандарымен түзілді. Артынша ізгі амалдың ізімен құран оқылып, конференцияның келесі легі құттықтау сөздерге ұласты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет ақжарма лебізін жолдап, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим кіріспе сөз оқыды.
Бұдан кейінгі кезек баяндамаларға берілді.
Алғашқы болып Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры Шамшәдин Тұрсынұлы сөз өрбітіп, даңқты ғұлама Қиуамуддин Әмір Кәтиб Әл-Фараби Әл-Итқанидің келелі еңбектерінің мән-маңызын алға тартты.
Кезекті баяндаманы ғалымның сүбелі еңбектерін насихаттау мақсатында Филология ғылымдарының докторы Сайфиддин Сайфулла жасады. Одан бөлек, іргелес Қырғызстанға қарасты Манас университетінің профессоры Кемал Полат та ғұлама жайлы кесек-кесек ой айтты. Түске дейінгі баяндамалар тізбегін соңғы болып қоғам қайраткері Рахматжан Абдусаттаров түйіндеді.
Осылайша біртуар ғұламаның өміршең шығармашылығы мен сәулелі ғұмырын дәріптеген халықаралық конференцияның пленарлық отырысы тәмамдалды. Ескеретін дүние, жиынның жалғасы ретінде жоспарланған секциялық отырыстар түскі уақытта қайта жалғаспақ.
Нұр-Мүбарак ғалымдарының жаңа еңбектері оқырманға жол тартты Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде арнайы әзірленген монографиялардың таныстырылымы өтті.Бұл іс тікелей университетішілік
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved