ОҚЫТУШЫ
- Исламтану кафедрасы:
— Ислам тарихы (орыс бөліміне);
— Хадис ілімі;
— Фиқһ ілімі (орыс бөліміне);
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, бейіні бойынша магистр, PhD докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы;
- Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл болуы;
- Соңғы 3 жылда Қазақстанда немесе шетелде танылған рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған мақалалардың болуы.
Міндеттері мен атқаратын тапсырмалары:
- Лауазымына сәйкес педагогикалық жүктеме шеңберінде оқытылатын пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстың толық циклін орындайды;
- Оқытылатын пәндер бойынша барлық оқу сабақтарын (дәріс, практикалық/семинар сабақтары) сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдардың кешенін әзірлейді (силлабус, кейстер, жобалар және т.б.);
- Білім алушыларды аралық және қорытынды аттестацияға оқу нәтижелеріне сәйкес дайындауды қамтамасыз етеді;
- Білім алушылардың өзіндік жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады.