Введите текст заголовка

Нұр-Мүбарак – халықаралық білім алаңы!

Нұр-Мүбарак университетінің халықаралық ынтымақтастығы қарқынды түрде дамып келеді. 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзірбайжан Теология институтының екі студенті бір семестр бойы университетімізде білім алатын болады. Университетімізде шетелдік студенттердің сапалы білім алып, өзін еркін әрі жайлы сезінуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Білім арқылы елдер арасын жақындатып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жүмыстар одан әрі жүргізілетін болады.