Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде арнайы әзірленген монографиялар мен Әл-Итқанидің «Манзума әд-Дурар (Маржан жырлары) атты кітабының таныстырылымы өтті.
Бұл іс тікелей университетішілік жобалардың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Айтулы іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет арнайы қатысты.
Жарыққа шыққан монографиялардың санатында биыл 740 жылдық мерейтойы ұлықталып жатқан ислам ғұламасы Қиуамиддин Әмәр Кәтиб әл-Фараби әл-Итқанидың «Манзума әд-дурар (Маржан жырлар) атты еңбегі бар. Одан бөлек, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры Ш.А.Әділбаеваның, сондай-ақ, аталған оқу орнының аға оқытушылары М.Жолмағанбетова мен Ш.Дуанаеваның «Жастарды өтпелі кезеңде дәстүрлі-рухани құндылықтарға тәрбиелеу» атты ұжымдық монографиясы көпшілік назарына ұсынылды.
Ұжымдық монографиялардың тізбегі мұнымен шектелген жоқ. «Қазақстандағы мұсылман этностары – дінтанулық-әлеуметтік зерттеу» атты тың еңбек PhD, қауымдастырылған профессор М.Б.Исахан мен аға оқытушылар А.Сатыбалдиева, М.Төрехановтардың арқасында тұшымды оқулықтар қатарына қосылды.
Дәл осындай үштік автордың ілкімді ізденісінен туған еңбектердің бірі де бірегейі – «Әсіре діншілдік пен шынайы діндарлық» монографиясы. Бұл кітаптың жарыққа шығуына PhD доктор Т.Имаммәди, философия ғылымдарының кандидаты К.Тышхан және аға оқытушы Е.Есімқұлов сүбелі үлес қосты.
Сондай-ақ, құнды еңбектерді таныстыру рәсімінде «Араб ономастикалық атауларын қазақ тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері» және «Араб онимдері мен діни терминдерінің қазақ тіліндегі ортологиялық сөздік-анықтамалығы» атты қос монография жұртшылыққа көрсетілді. Жалпы іс-шара нәтижесінде бас-аяғы 6 еңбек қалың оқырманға жол тартты.
Нұр-Мүбарак ғалымдарының жаңа еңбектері оқырманға жол тартты Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде арнайы әзірленген монографиялар мен Әл-Итқанидің «Манзума әд-Дурар (Маржан
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved