Введите текст заголовка

ЖАҢАЛЫҚ АУЫЛЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ

      2025 жылдың 4 қазанында Жалпы білім беру пәндері кафедрасы оқытушыларының ұйымдастырумен, “Жас тұлпар” үйірмесінің жоспарына сәйкес Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 1 курс студенттері Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылындағы мұражайға саяхат жасады. Бұл мұражай ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы сталиндік құғын-сүргінге ұшыраған қазақ халқының белгілі тұлғаларына 2018 жылы арналып ашылған еді.
Жаңалық ауылында атылып, жерленгендердің жеке заттарын да осы мұражайдың тақырыптық бөлімдерден кездестіруге болады.

    «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» залында жазықсыз жазаланған 4125 адамның аты-жөні мәрмәр тасқа қашалып жазылып, қабырғаларына ілінген. Олардың қысқаша өмірбаянымен де осы жерде танысуға мүмкіндік алдық.