Қазан айының басынан бері университет қабырғасында қырағат ғылымы бойынша маңызды оқу курсы өтті. Студенттер осы кезеңде әйгілі Имам Жазари жазған «Муқаддиматул Жазария» мәтінін ұстаз Бердімұратов Бекболат жетекшілігімен толық меңгеріп, сәтті аяқтады.
Курс барысында шәкірттер мәтіннің мазмұнын, тәжуид қағидаларын және қырағат ілімінің негіздерін жүйелі түрде оқып шықты. Осылайша бірнеше апталық білім сапары аяқталып, студенттер ресми түрде сертификат иегерлері атанды.
Салтанатты сертификат табыстау рәсімінде Бекболат ұстаз оқуды тәмамдаған әр шәкіртке ерекше тарту жасады. Ұстаздың өз қаламынан туған «Сарф ілімі» және әлемге кең тараған Тафсирул Жәләләйн кітаптары шәкірттерге оқу жетістігінің белгісі ретінде сыйға берілді.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved